Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: Шәкірттер Құран сүресін жатқа оқыды

http://nasihat.kz/ 24.12.2019 2985 0 пікір
Көкшетау: Шәкірттер Құран сүресін жатқа оқыды

Көкшетаудағы Науан хазірет мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Құранның «Хұжырат» сүресін жатқа оқу бойынша шәкірттер арасында жарыс өтті.

Байқауға мешітте тәлім алатын шәкірттер қатысты. Қасиетті Құранды жатқа оқуға талпынған жас талапкерлердің көбейіп келе жатқаны қуантады. Қатысушыларға махражы, тәджуиді, жаттауы және қазақша мағынасын ашуы бойынша біліктілігін анықтауға байланысты талаптар қойылды. Шәкірттердің дені жақсы білімімен ерекшеленді.

Жарыс нәтижесінде әділқазылар бас жүлдені Гүлшат Қайыроваға лайық деп тапса, қалған үш орын иесі ретінде Әйгерім Боқанова, Толғанай Абдуақап, Нұрсұлу Сыздықованың есімін атады.

Байқау аясында сирадан өткен жарыс нәтижесі шығарылып, тиісті марапаттау жасалды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру