Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Жусанға» мың сан рахмет!

http://www.islam-atyrau.kz/ 24.12.2019 2983 0 пікір
Атырау: «Жусанға» мың сан рахмет!

ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі «Жусан» операциясымен елге қайтарылған әйел азаматтармен кездесу ұйымдастырды.

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен кездесуге Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, сұхбат жүргізді.
«Бірлігі жарасқан еліміздің қадір-қасиетін түсінбей, тастап шыққан азаматтарға да мемлекетіміз аяушылық танытып, ұрпақ өміріне алаңдаушылық білдірді. Бұл – мемлекетіміздің көрсетіп отырған үлкен қамқорлығы. Демек, кезінде адасып, бүгінде елге аман-есен оралған азаматтарымыз шүкірлік ете білуі керек. Және еліміздің дамуы, дініміздің өркендеуі үшін аянбай қызмет етуі қажет» деген бас имамы кездесуге қатысушыларды жан-жақты білім алуға шақырды.

Басқосу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды. Сонымен қатар, жусандықтар қиын жағдайда қалған азаматтарына көмектесе алатын еліміздің, халқымыздың дархандығына алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру