ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Тараз қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизовтың бастамасымен Тараз қаласындағы №4 мүгедек балалар мен «Сарымолдаев» жетімдер үйі тәрбиеленушілеріне халал стандарт бойынша жұмыс жасайтын кафелердің иелері Б.Закиров және Ш.Шакирович арнайы дастархан жайып, қайырымдылық кешін өткізді.

Ізгі бастаманың басы-қасында жүрген Н.Миразизов №4 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 14 өңірінде Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің жауапты өкілдері бекітілген болатын. Әр өңірдегі стандарттау және сертификаттау жұмыстары, оқу-семинарлар, тексеріс, қадағалау, бақылау, зертханаға жөнелту, халал бойынша уағыз-насихат, айлық тексеріс жұмыстарының барлығы өңірлік өкілдерінің қызметі арқылы жүзеге асып жатыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі
23.12.2019
3145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру