Маңғыстау облысы орталық мешітінің жанынан ашылған сауат ашу курсының шәкірттері арасында білім деңгейін анықтау мақсатында 17 желтоқсаннан бастап үш күн қатарынан емтихан өтті.
ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігі Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Айгерім Ахметова сүйікті пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен (тест), ғибадат (тест), сенім негіздері (ауызша-жазбаша) және Құран сабағынан жатқа мәнерлеп оқуын пысықтады.
Үш айлық жүйелі дәрістің нәтижесін жақсы меңгерген қыз-келіншектер білімнің құндылығын түсініп, болашаққа ілім алуда табанды болуды меңгерді. Танымдық рухани жиын ақжаулықты аналардың жас қыз-келіншектерге арнаған өсиетімен жалғасты.
Жаратушымыз осындай игі білім-мәжілістерін көбейтіп әрі өз мерейімен берекелі нәтижелер берсін!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстың өкілдігінің баспасөз қызметі
22.12.2019
2961
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру