Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатына құрмет көрсетті

Әбу Назар 22.12.2019 3033 0 пікір
Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатына құрмет көрсетті

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты, аяулы ана Қиян апа Тәпешқызын құттықтады.

«Мешітіміздің жамағаты, аяулы Тәпешқызы Қиян апаның 80 жасқа толуына орай, апамызды жамағат атынан құттықтап, құрметімізді көрсетіп қайттық. Жасы 80-ге келсе де мешіттің діни сауат ашу курсының дәрістерінен қалмай, Құран аяттарын жаттап, білімге құштар шынайы қазақ әжесінің үлгісін көрсетіп жүрген апамызға Алла разы болып, немере-шөберелірінің қызығын көруін тілейміз!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру