ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің Әйел-қыздар секторының өкілі Айгерім Ерланқызы және облыстың орталық мешітінің ұстазы Жазира Төреканованың ұйымдастыруыменен «Адамзаттың асыл тәжі» атты әйел жамағаты арасында мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кеш қасиетті Құранмен басталып, шәкірттердің орныдауында діни әндермен жалғасып, тәрбиелік мәні зор қойылымдар көрсетіліп, жамағатпен бірге Мәуліт жыры жырланды. «Сен мына сүннетті білесің бе?», «Егер сізге Алла елшісі қонақ болса?» деген тақырыптағы көріністер жиналған нәзік жандылардың көзіне еріксіз жас әкелді.
Кешті ұйымдастырушы ұстаздар сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған салауаттың маңыздылығын жеткізіп, Мәуліт айы барысында қамтылған сайыстардың нәтижесін саралап, жеңімпаздарды құттықтады. Жеңімпаздардан бөлек, мерекелік кешке келген барлық қонақтарға сыйлық үлестіріліп, әсіресе шоқ гүлдермен көңілдері ажарланып, ерекше рухани сезіммен тарқасты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі
21.12.2019
3864
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру