Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің қыздары 325 метр перде тікті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 21.12.2019 6795 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінің қыздары 325 метр перде тікті

Нұр-Мүбарак университетіндегі қыз балаларды шеберлік пен ісмерлікке баулитын «Шебер» тігін үйірмесі нәтиже бере бастады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын университет жатақханасынан «Шебер» үйірмесі ашылған еді. Осы үйірменің саусағынан өнер тамған 15 қызы бір ай ішінде барлығы 530 мың теңге тұратын 150 метр ішкі және 175 метр сыртқы перделерді дайындап шықты. Осылайша университеттің студент қыздары жатақхананың 49 бөлмесінің 94 терезесіне жаңадан қос қабатты перде тігіп, шеберлігін шыңдады.

Университетінің тәрбиеші маманы Гүлвира Заурбекова қыздар арасында шеберлікке бейім студенттерді таңдап, өзі бас болып қалған қыздар әрі үйреніп, әрі перде тігудің қыр-сырын  білуге мүмкіндік алғанын айтады.

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев студенттердің бос уақытын тиімді жоспарлап, пайдалы іске баулып жүрген тәрбиеші-ұстаздар Гүлвира Заурбекова мен Айгерім Калкаеваға, сондай-ақ перде тігуге атсалысқан студент қыздарға ризашылық білдіріп, алғыс хат табыс етті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру