Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Сансыз салауаттар айтылды

taglym.kz 19.12.2019 3474 0 пікір
Талдықорған: Сансыз салауаттар айтылды

Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Шапағат нұры» атты мәуліт кеші өтті.

Мәуліт жырларын елімізге кеңінен танымал жыршы, термеші Жәкен Омаров орындады. Сахнадағы шәкірттердердің салауатына көрермен де қосылып отырды.

Мәуліт кешінде Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен қоса, Б.Римова атындағы облыстық драма театры актерлары мән-мағыналы сахналық қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, Жетісу жамағатының ыстық ықыласына бөленді.

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған Мәуліт кешінде елімізге танымал әнші Сержанәлі Әлібек «Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат», «Жаралғаныңа қуан» әндерін, «Райян» тобы «Тәкбір» әнін, театр және кино актері Мақсат Сәбитов «Кешір бізді, я Расул Алла» монологын көрерменге ұсынды. Сондай-ақ, термелер айтылып, тәрбие тақырыбындағы діни әуендер орындалды. Бұрын соңды болмаған Мәуліт кешінен ықыласты халық ерекше толқыныспен рухани толысып қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру