Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровпен кездесті. Басқосуға әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, сонымен қатар аудан имамдары қатысты.
Әнуар Ізімбайұлы өңірдегі діни ахуал туралы баяндап, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жат ағымның алдын алу, қайырымдылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру туралы бірқатар мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылуы тиіс шараларды тілге тиек етті.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі
19.12.2019
3424
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру