Түркістан облысының имамдары есеп беру жиынын өткізіп, жылды қортындылады.
Бүгінде Түркістан облысындағы 748 мешітте мыңнан астам діни қызметкер жұмыс істейді. Алайда Түркістан қаласы, Созақ, Түлкібас, Қазығұрт, Келес, Мақтаарал аудандарына имамдар мен ұстаздар жетіспейді. Себебі діни кадрлардың 40-50 пайызы – зейнет жасынан асқан азаматтар. Жиында осы және өзге де мәселелер көтерілді. Мешіттердегі маман мәселесі медресе-колледж түлектерін тартумен шешілетіні айтылды.
Сондай-ақ жиында 16 аудан-қала имамының есебі тыңдалды. Баяндамашылар жетістіктерге емес, кемшіліктерге тоқталып, ұсыныстарын ортаға салды. Облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді Төралқа мәжілісінде көтерілген мәселелерді сөз етті. Әріптестерін дін қызметінде белсенділік танытуға, дау-жанжал, арыз-шағымдарды жергілікті жерде шешуге шақырды. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай атқарылатын игі істер талқыға түсті. Күн тәртібінде 30-дан астам мәселе қаралып, жаңа жылдық жұмыс жоспары бекітілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі
18.12.2019
3510
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру