Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арқалық: Көрермен көзге жас алды

https://akmechet.kz/ 18.12.2019 3208 0 пікір
Арқалық: Көрермен көзге жас алды

Арқалықтағы қазақ жасөспірімдер театрында «Әз пайғамбар хақ жолы» рухани кеші болып өтті. Жиын Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті шәкірттерінің салауат әнімен басталды.

Қала әкімі Қайрат Тынымбайұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, келген қонақтарға ризашылық білдірді. Одан кейін сөз алған Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), салауат айтудың маңызы туралы және жастар арасындағы тәлім-тәрбие, ұлттық рухани құндылықтар жайында баяндады.

Басқосуда «Ананың қадірі» атты сахналық қойылым көрсетілді. Театр әртістері өз рөлін шеберлікпен орындағаны соншалықты, көрермендер көзге жас алды. Өйткені қойылым отбасындағы ынтымақ-бірлік, ерлі-зайыптылар, ене мен келін сыйластығы, анаға деген құрмет хақында өрбіді.

Сонымен қатар күйлер мен жыр-термелер орындалды. Бас имам бірқатар дін қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Олардың қатарында Жаңақала ауылында ұзақ жыл қызмет еткен Жақсылық Рақманқұлұлы ақсақал, Фурманов елдімекенінде 17 жылдан бері имамдық етіп келе жатқан Нұрхан Асанұлы және қалалық мешіттің ұстаздары Арлан Бауыржанұлы мен Бахытбек Сәндібекұлы бар.

Кеште Жастар ресурстық орталығының директоры Аманкелді Ахметжанов  ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» жайлы әңгімеледі. Басқосудың соңында бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы Мәуліт мерекесін өткізуге белсене атсалысқан демеуші азаматтар мен кеш жүргізушісі, көпке танымал ақын Айбек Қалиевке алғыс айтты. Мәуліт мерекесінің құрметіне «Сайора» мейрамханасында «Алюминстрой» ЖШС-нің мерекелік дастарқан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру