Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Егемендік – ел ырысы

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 18.12.2019 2720 0 пікір
Семей: Егемендік – ел ырысы

Егемендік – Алланың үлкен сыйы. Ол бізге ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, ата бабалардың қанымен, маңдай терімен келген нығмет.

Сондықтан осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарды еске алып, құрмет көрсету ниетімен ҚМДБ Семей аймағы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты рухани шара өтті.

Шараға қаламыздын мешіт шәкірттері мен ұстаздар қатысты. Алдымен орталық мешіттің наиб имамы Ерлан Досымұлы Тәуелсіздік жолындағы құрбандардың  рухына құран бағыштады. Кеш барысында шәкірттер дайындаған тәрбиелік бағдарламамен қатар ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының маңызы мен мақсаты айшықталды. Соңында Семей қаласында өрттен зардап шеккен отбасыларға сыйлықтар мен азық-түлік таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру