ҚМДБ-ның Талдықорған өңіріне қарасты Көксу аудандық «Зекет» қорының өкілі Бақыт Тілепбергенұлының ұйымдастыруымен Көксу бекетіндегі жаны жайсаң жамағат жиналып, жетім-жесір мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізіп, көмір түсіріп берді.
Бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздік күні қарсаңында осындай сауапты істер жалғасын тапты. Қасиетті Құранда: «Сендер не жұмсасаңдар да Алла жұмсағандарыңның орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы» («Сәба» сүресі, 39-аят) деген аят бар. Сондай-ақ, хадисте де: «Әй, адам баласы, шығындал (бер), сонда саған да шығындалынады (беріледі)!» – деп анық айтылған (Бұхари, Муслим). Демек, шын ниетімен, Алла разылығы үшін жақсылық жасап, садақа берген адамның ризығы кеңіп, несібесі одан сайын арта түседі. Ал сараңдық танытқан адамның мал-дүниесі одан сайын кеми береді екен. Осындай игі іс-шараларға мұрындық болып жүрген Көксу ауданының бас имамы Еділбек қажыға, сауапты іске білек сыбана кірісіп, қайырымдылыққа құлшынған көксулық бауырларға Алланың нұры жаусын!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі
18.12.2019
2677
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру