БҚО Жәнібек аудандық мешіті жанындағы сауат ашу орталығында Мәуліт мейрамына арналған рухани кеш өтіп, дастарқан жайылды.
Мәуліт кешіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова қатысты.
Меймандар жамағатты Мәуліт айымен құттықтады. Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев уағыз-насихат айтып, қатысушы жамағатқа Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан сыр шертіп, өнегелі өмірін баяндады.
Жиналғандарға викториналық сұрақтар қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар берілді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі
18.12.2019
2709
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру