Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Желтоқсан құрбандарына Құран бағыштады

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 17.12.2019 2865 0 пікір
Семей: Желтоқсан құрбандарына Құран бағыштады

Семейде Желтоқсан құрбандарын еске алып, Құран оқып, дұға жасалды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандар және Семей Жастар ұйымдарының атынан бір топ жастар Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне барды. ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың рухына Құран бағыштады.

Шарадан кейін Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде Асқар Әбітайұлының бастамасымен қаламыздың Жастар ісі секторының және қала имамдарының ұйымдастыруымен Желтоқсан көтерілісі қаһармандарын еске алып, ас беріліп, Құран қатым түсірілді.

Асқа арнайы шақырылған Рымбек ақсақал сөз алып, Тәуелсіздік ел бақыты екенің айтып, болшағымыз жарқын болсын деп лебізін білдірсе, қала әкімнің көмекшісі Айдар Серікқазыұлы сөз кезегін  алып, ел бірлігі мен тыныштығын тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Ас барысында Ерғали Али жиналған халыққа домбырамен терме жолдап, көпшілікке рухани күш берді. Ұлағатты ұстаз, зейнеткер, ақын, жазушы Серікқали ақсақал «Тәуелсіздікті бағалай біл!» атты жырын тарту етті. Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы көпшілікке отансүйгіштік жайлы уағыз айтып, жастарға нақыл сөздерімен үгіт-насихат айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру