Тәуелсіздік күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен 85 шақырымдық марафон ұйымдастырылды.
«Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов ұйымдастырған спорттық шараға ауыл жастары белсенді қатысты.
«Біздің осындай сайыстарды өткізудегі мақсатымыз – биылғы Жастар жылында жастарды қолдау, оларға салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, жамағаттардың бірлігін бекемдеу» деп атап өтті бас имам Айдын Жортымов.
Жастар 85 шақырымды жүгіріп өтті. Марафонға қатысқан спортшыларға мешіт атынан сыйлықтар берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
17.12.2019
3140
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру