Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Тәуелсіздік мерекесіне орай турнир өтті

Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі 17.12.2019 2866 0 пікір
Маңғыстау: Тәуелсіздік мерекесіне орай турнир өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай мешіт жамағаты арасында волейболдан турнир өтті.

Спорт шарасының ашылу рәсіміне Республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев, Маңғыстау облыстық волейбол федерациясының президенті Қуанышбек Әбдірахманов, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы қатысып, жарысқа қатысушы жамағатқа сәттілік тілеп, игі ниетін жеткізді.

Бірлік пен игілікке бастаған сауапты һәм салауатты шараның қорытындысы бойынша, жүлделі бірінші орынды Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы "Миғраж" мешіті қанжығасына байлады. Ал екінші орын Түпқараған ауданы "Ақшұқыр" мешітіне бұйырса, үшінші орынды Мұнайлы ауданындағы "әл-Хаким" мешітінің жамағаты иеленді.

Спорт шарасынан кейін жайылған дастарханда Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жамағатқа спортпен шұғылданудың маңызы, денсаулықтың аманаты, бірлік пен ізгілік жайлы уағыз айтып, жеңімпаздарды құттықтады. Сонымен қатар, турнирді ұйымдастырған облыстық Жастар ісі секторының меңгерушісі Жаңабай Серікұлына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру