Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Шымкент қайырымды қала» жобасы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, аудан әкімінің орынбасары т.б. азаматтар қатысып, барысында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 30 отбасыға азық-түлік таратылды. Оның ішінде бір қап ұн, қант, макорон, шай, өсімдік майы, тұз, күріш, т.б.
Сондай-ақ Мұхамеджан Естеміров барша азаматтарға ҚМДБ-ның алға қойған мақсаттары мен мүдделері туралы айта келе, бақ пен дәулет тілеп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.12.2019
3028
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру