Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе және медресе-колледждер есеп берді

"Үшқоңыр" медресесінің баспасөз қызметі 14.12.2019 3648 0 пікір
Медресе және медресе-колледждер есеп берді

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Үшқоңыр медресе колледжінде медресе және медресе-колледждердің жылдық есебі және «Исламтану мамандығының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Нұр-Сұлтан қаласынан ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен орынбасары Серікбол Аршабаев және медресе, медресе-колледж директорлары, орынбасарлары қатысты. Алқалы жиналысты Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Наржанов ашып, семинарға сәттілік тіледі.  

Бұдан кейін шәкірттердің білім сапасы, тәрбие жұмыстары, педагогикалық кадрлар саласы, ұстаздар мәртебесі, ұстаздардың біліктілігі, медресе колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы және колледж студенттерінің ғылыми ізденістері бойынша әңгіме өрбіп әрі директорлар мен орынбасарлардың жылдық есебі тыңдалды. Есеп беру жұмысы слайд, бейнеролик, кесте бойынша жүзеге асты.

Сондай-ақ Үшқоңыр медресе колледжінде «Исламтану мамандығының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Бейбіт Мырзагелдиев жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен оқу орындары басшыларына алғыс айтып, кейбір мәселелер бойынша арнайы тапсырма берді, студенттермен кездесті.

Өз кезегінде медресе және медресе-колледж директорлары өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде мамандар шығармашылық тың идея бөлісіп, кәсіби қарым-қатынас кеңістігін кеңейту бойынша ақпарат алмасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру