Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отыз шараны ойдағыдай атқару қажет

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 12.12.2019 3010 1 пікір
Отыз шараны ойдағыдай атқару қажет

ҚМДБ Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Алматыда өткен мүфтияттың кеңейтілген төралқа мәжілісіне қатысып, өңірдегі атқарылған жұмыстарға есеп берді.

Сол сапардан оралған соң облыстық мешітте жыл қортындысына байланысты жиын өткізді. Оған қала және аудандардың бас имамдары қатысты.

Бахытбек Нұрғабылұлы барлық әріптестеріне келер жылы да халыққа барынша жақындай түсіп жұмысты жандандыру қажеттілігіне ерекше тоқталды. Алдағы жылы ҚМДБ-ның 30 жыл толуына орай жүзеге асырылатын бірқатар игі бастамаларды көтерді.

Оның ішінде мүфтияттың тапсырмасына орай республика көлемінде 30 мешітке күрделі жөндеу өткізу, 30 дін қызметкеріне үй беру, 30 көпір салу, 30 құдық қазу және 30 мың түп ағаш отырғызу секілді маңызды шараларға атсалысу мүмкіндігі тұрғандығын атап өтті.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Құрманғожа Айғаным Кеңесқызы | 13.12.2019 08:14

Сәлеметсіз бе! Менде бір сұрағым бар. Мен желілік маркетингте жұмыс жасап отырмын. Товарымыз халял,  тіркелу тегін. Жұмыс барысы

1- товар тұтыну, немесе тұтынып сату (әр адам өзі шешеді)

2- компанияны жариялау, мүмкіндіктерін айту, адамға ұнаса тіркеледі, ұнамаса мазаламаймыз.

Жалақы товарайналымга байланысты. 

Яғни  мысалы мен Жадыраны шақырып  тіркеймін, уйретемін, көрсетемін, бағыт беремін, ол жұмысқа кіріседі де өзіне де Майраны шақырады. Маған  Жадырадан да, Майрадан да % еңбекақы түседі. 

Компания NRG international деп аталады. 

Жауап күтемін. Рахмет. 

 

Администратор | 05.02.2020 05:12

Нақты сұрақ қандай?