Ақжар ауылындағы Байжігіт баба мешітінің имамы Аманкелді қажының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты Жетіарал ауылдық округіне қарасты Болат теліміне 2 гектар жерге көктемде картоп салған еді.
Күзде жиналған 4 тонна өнім енді ел игілігіне жұсмалуда. Атап айтқанда, Ақжар ауылындағы аз қамтылған 50 отбасыға осы 4 тонна картоп түгел таратылып берілді. Бұл жайлы Тарбағатай ауданының әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Сондай-ақ, тұрмысы ауыр 2 отбасыға 80 мың теңге ақшалай көмек берілсе, тағы 2 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер таратылды.
Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциялары жалғасады дейді ұйымдастырушылар.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Тарбағатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
04.12.2019
3489
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру