Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтылды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 03.12.2019 4807 0 пікір
Семей: Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтылды

Адамзаттың ардақтысы болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне құрметіне орай Семей қалалық Абай драма театрында «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани-танымдық Мәуліт кеші өтті.

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі ұйымдастырған осынау салтанатты шараға Хақ Пайғамбарды қадір тұтқан қалалықтар мол жиналды.

Шараны ұйымдастырушы Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы өз сөзінде: «Ұлық мерекеде Аллаға мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту – сауапты амал. Құранда Алла Тағала: «Шынында Алла Тағала және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей мүминдер! Сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар!» деп бұйырады және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Он қателігін сызып, дәрежесін он есе жоғарлатады» деген» деп насихат айтты.

Мерекенің мазмұнын байытып мәнін аша түскен Семей қалалық «Дариға-ай» жастар театры өнерпаздарының дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды көрініс ретінде қойған актерлік шеберлігі көрермен көңіліне ой салып, көзге еріксіз жас келтіріп, ерекше әсерге бөледі.

Семей қаласының мешіт қызметкерлердің айтқан Мәуліт салауаттары мен мадақтары, жиналған жұрттың жүрегін бір серпілтті. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары айтқан діни әндер мен ұлтымыздың дәстүрлі әндері мерекенің әрін кіргізіп, жиналған көрерменді шат көңілге бөледі. Көпшілік тағылымдық мән-мағынасы зор рухани шарадан ерекше әсермен қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру