Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз қаласында 83 отбасыға көмек көрсетілді

https://www.inform.kz/ 03.12.2019 198 0 пікір
Тараз қаласында 83 отбасыға көмек көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жалпы республикалық акция аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов көмекке мұқтаж екінші топ мүгедектері мен аз қамсыздандырылған отбасыларға барып, азық-түлік себеттерін үлестірді.

Қайырымдылық шараға облыс әкімі, орынбасарлары, қала, аудан, ірі кәсіпорын, мекеме басшылары және кәсіпкерлер өңірдегі тұрмысы төмен, табысы аз, көпбалалы және толық емес отбасыларға, жалпы 1281 отбасына азық-түлік себеттерін, көмір, қысқы киімдер, жалпы тұрмысқа қажетті заттарды табыс етті. Мәселен, Тараз қаласында 83 отбасына көмек көрсетілді.

Айта кетерлігі, биылдан бастап облыста волонтерлердің әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталған. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің №52 қаулысымен «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі жоспары бекітілді. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында жазған облыс әкімінің кеңесшісі Біржан Сартбек аталған жоспарға сәйкес әлеуметтік карта жасақтау мақсатында барлығы 1800 жас волонтер ретінде тартылғанын айтады. «Бұл мақсатқа 15 миллион теңге қаржы қаралды. Тараз қаласында (Бейбітшілік, Бәйдібек би, Төле би 74 көшелерінде үш қайырымдылық дүкені ашылды. Олар қажетті барлық жабдықтармен жабдықталды. Халық көп шоғырланатын 5 сауда орнында арнайы киім-кешек, тұрмыстық заттар қабылдауға арналған жәшіктер орнатылды. Жыл басынан бері жалпы 5 тонна киім-кешек жиналған. Оның 797 келісі арнайы қорлардан, 4,2 тоннасы халықтан жиналған. Бүгінге дейін жиналған бес тонна киім-кешектің екі тоннасы үлестірілді. Қазіргі таңда үш тонна киім-кешек қоры сақтаулы» деп атап өткен Біржан Сартбек жазбасында.

Сондай-ақ, аталған қайырымдылық дүкендеріне 70 отбасының айына бір реттен, 20 отбасының үш айда бір реттен келетіні анықталған. Сол сияқты, волонтерлердің ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 миллион теңге мөлшерінде азық-түлікпен көмек көрсетілген.

Жоба аясында «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Т.Рысқұлов, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында алты мұқтаж отбасыға пәтер алып берілген. Жыл соңына дейін тағы 4 үй алып беру жоспарланып отыр.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі