Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қабылбек Әліпбайұлы – Павлодар облысында

Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі 30.11.2019 3910 0 пікір
Қабылбек Әліпбайұлы – Павлодар облысында

Павлодар облысына атбасын тіреген белгілі исламтанушы, Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы павлодарлық шәкірттермен кездесіп, білім жолында жүрген жастарға сәттілік тіледі.

Ол алдымен Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде болып, шәкірттермен кездесті. Қабылбек Әліпбайұлы Алла разылығы үшін білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, ізгі жолға түскен жастарға береке, табандылық тіледі.

Бұдан кейін Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жанындағы қарилар даярлау орталығының шәкірттерімен жүздесті. Оларға Құран жаттаудың, білім алудың артықшылығын айтып, әсерлі уағыз жүргізді.

«Павлодар өңірінде медресе мен қариялар даярлау орталығының бары өте қуанышты. Ертең мұндағы шәкірттер арасынан елді имандылыққа бастар білімді азаматтар өсіп-өнеріне сенімдімін. Алла жолында білім қуып жүрген бауырларыма табандылық тілеймін. Алла зейіндеріңді ашсын!» – деді Қабылбек Әліпбайұлы.

Сондай-ақ ол «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті жамағатына уағыз айтты. Белгілі ұстаздың уағызын тыңдауға халық көп жиналды. Жергілікті жамағат Қабылбек Әліпбайұлының айтқандарын зейін қоя тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап ала алды. 

Бұдан кейін ол Павлодар өңіріндегі түзеу мекемелерін аралады. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан азаматтарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек Ақсу қаласында болып, жергілікті жамағатпен жүздесті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру