Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМЗАН ҚАДЫРОВ САРЫАҒАШТЫҚТАРҒА СӘЛЕМ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 29.11.2019 3383 0 пікір
РАМЗАН ҚАДЫРОВ САРЫАҒАШТЫҚТАРҒА СӘЛЕМ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Қазақстан мұсылмандарын, оның ішінде Сарыағаш қаласының тұрғындарын сәулеті мен сәні жарасқан Ислам орталығының ашылуымен құттықтап, игі тілегін жолдады.

«Сіздерді Ислам орталығының ашылуымен құттықтаймын. Игі шараға қатыса алмасам да өзімнің шынайы ниетпен құттықтауымды жолдаймын. Өйткені, зобалаң замандарда қазақ халқы бізге пана болды. Сондықтан, Қазақстан шешен халқының екінші Отаны болып қала береді. Бұл орталықтан ғұлама-ғалымдар шығады деп санаймын» делінген Р.Қадыровтың құттықтау хатында.

Құттықтау хатты оның кеңесшісі Амруддин Эдилгерев оқып берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру