Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ӨМІР ТӨРТ ТАҒАННАН ТҰРАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 29.11.2019 4115 0 пікір
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ӨМІР ТӨРТ ТАҒАННАН ТҰРАДЫ

Бүгін Сарыағашта Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының ашылуына қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір халқын тарихи оқиғамен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

«Ғұламалардың айтуынша, өмір төрт тағаннан тұрады: ғалымның насихаты, патшаның әділдігі, байдың жомарттығы, халықтың дұға-тілегі. Осы төрт таған  өзіндік көркем үйлесімін тапқанда ғана кез келген қоғам бақытты болады» деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сынып бар. Орталықта 600 бала дәріс тыңдай алады. 69 жатын орынды қамтыған орталықта 1000 адамға арналған асхана салынған.
Ислам орталығының ашылу рәсіміне жер-жерден 10 мыңға жуық адам жиналды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру