Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕРДОҒАННЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 29.11.2019 3824 0 пікір
ЕРДОҒАННЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Сарыағашта Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының ашылуына қатысқан Нежметтин Ердоған Біләл Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді.

«Біз Атажұрттағы ағайынның қуанышына қашан да ортақпыз. Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Алла Тағала бауырлас қазақ халқына жақсылығын жаудырсын» делінген Түркия Президентінің құттықтауында.

Айта кетейік, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сынып бар. Орталықта 600 бала дәріс тыңдай алады. 69 жатын орынды қамтыған орталықта 1000 адамға арналған асхана салынған.
Ислам орталығының ашылу рәсіміне жер-жерден 10 мыңға жуық адам жиналды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру