Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Батыржан Мансұров студенттермен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2372 0 пікір
Батыржан Мансұров студенттермен кездесті

ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студент жастарымен кездесті.

Жиынды ҚМДБ Өскемен аймаының бас имамы Ермек Қасболатұлы ашып, діни білімнің тәрбиеге ықпалы туралы сөз сөйледі.

Кездесуде ҚМДБ бөлім басшысы Б.Мансұров рухани тәрбие туралы тарқата айта келе, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы туралы кең көлемде таныстырып өтті.

«Бұл құжатта адамгершілік асыл құндылықтар тұтастай қамтылған. Аталған тұғырнаманың қоғамда ізгіліктің салтанат құруына ықпалы зор. Жастардың білімді, отаншыл, иманды, әділ, еңбекқор болып өсуі Тәуелсіз еліміздің нығаюы үшін аса қажет» деп атап өткен ол ғибратты насихат айтты.

Сонымен қатар Батыржан Мансұров жастардың сауалдарына жауап бере келе, Жастар жылында муфтият тарапынан жасалған ізгі шаралар жайлы да айтып өтті. Кездесу соңында оқу орны басшылығы құрметті мейманға тағылымды әңгімесі үшін алғыс айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру