Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мешіт жамағаты кейуанаға үй салып берді

Маңғыстау облысының баспасөз қызметі 28.11.2019 3271 0 пікір
Маңғыстау: Мешіт жамағаты кейуанаға үй салып берді

Маңғыстау облысы мешіттерінің ұйытқы болуымен Мұнайлы ауданы Батыр ауылында тұратын кейуана Алуаш Серікбаева үйлі болды.

Дәлірек айтқанда, мешіт жамағаты қарт әжейге үй салып берді. Үйдің кілті Мәуліт мерекесінде табысталды. Ал баспана құжатын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев табыстады.

«Діни басқарманың басты 4 жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз осы анамыздың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мешіт жамағаттарының атсалысуымен үй тұрғызып бердік. Үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын. Бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз» дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

Айта кетсек, бұл – ҚМДБ «Зекет» қоры атынан берілген 156-баспана. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру