ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі, теолог Ақбөпе Тілегенова іс-сапармен БҚО-ның Бөрілі ауданына келді. Ол аймақтық мешіттің әйел-қыздар секторымен кездесіп, «Әйел бақыты» тақырыбында насихат айтты.
«Ананы, жалпы әйел затын қадірлеу мәдениеті – Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қазақ халқының руханиятында ананың қоғамдағы орны да ерекше. Отбасының ұйытқысы болған ананың бала тәрбиесіндегі алар орны да орасан зор» деді ол. Сондай-ақ Ақбөпе Тілегенова Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Көшкінбаевпен кездесіп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу жолдарын талқылады. Әңгіме барысында мұсылман қыз-келіншектердің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Осы күні мешіт жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Бөрлі аудандық мешітінде Мәуліт мерекесі өтті. Шараға Батыс Қазақстан облыстық мешіті әйел-қыздар секторының меңгерушісі Анаргүл Демеутова қатысып, ардақты пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен насихат айтып, Мәуліт мерекесін атап өтудің маңызы жайлы әңгімеледі. Кеш соңы арнайы жайылған дастарханда жалғасып, ақ бата берумен аяқталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бөрілі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
28.11.2019
3966
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру