Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Қоғам және құндылық

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 28.11.2019 3639 0 пікір
СҚО: Қоғам және құндылық

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Петропавл қаласында «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық имамдар форум өтті.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп өткізген форумға аймақ имамдары, өңірдің аға буыны, зиялы қауым, құқық қорғау органы өкілдері, университет студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бас имам Кенжетай Дүйсенбай кіріспе сөзбен ашып, құттықтау сөзді СҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспановқа берді.

Жиын жұмысы барысында баяндамашылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» (имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік) атты құжатта көрсетілген қоғам дамуының ілгері жылжуына ықпал ететін маңызды құндылықтар бойынша ғылыми негізделген, мазмұнды баяндамалар оқыды.

ҚМДБ Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізіп, «Жеті рухани қазықтың» имандылық құндылығы бойынша «Тәрбиенің түп қазығы – имандылық» тақырыбында баяндама жасады. Ал отаншылдық және білімділік құндылығы жөнінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің м.а проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанар Таласпаева сөз тарқатты.

Ауызбіршілік жайында сөз қозғаған Urpaq қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы, қоғам қайраткері Сағындық Салмурзин, еңбекқорлық тақырыбында мәселені жан-жақты ашқан Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов те көпшілікке ой салды.«Жеті рухани қазықтың» тағы бір құндылығы әділдік тақырыбы бойынша Бас прокуратура академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Азамат Сарсенбаев сөз сөйледі.

Жиынды мәдениеттілік құндылығы бойынша тізгін алған облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Ербақыт Амантай қортындылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру