Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында Мәуліт кеші өтті.
Ауыл мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара аясында мерекелік дастархан үстінде аудан имамы Мұсабек қажы Тағанұлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне қатысты арнайы әзірленген видео-ролик көрсетіліп, түрлі термелер орындалды.
Арнайы Мәуліт жыры оқылып, мерекеге келген меймандарға сыйлықтар үлестірілді. Ауыл тұрғындары Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірімен танысып, мәз-мейрам болып тарасты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талғар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі
26.11.2019
3193
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру