Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам «Имам уақыты» бағдарламасына сұхбат берді

http://www.islam-atyrau.kz/ 25.11.2019 3103 0 пікір
Бас имам «Имам уақыты» бағдарламасына сұхбат берді

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық «Каспиан ньюс» телеарнасына сұхбат берді.

Әр апта сайын эфирге шығып отыратын «Имам уақыты» бағдарламасына бас спикер ретінде қатысқан Атырау облысының бас имамы көрермендер тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Намаз оқудың тәртібі, мәсіх тарту, мұсылман сипаты, ислам құндылықтары сынды көптеген сауалға жауап берген ол жан тазалығы хақында ой бөлісті.

«Бұл – «Каспиан ньюс» телеарнасымен бірлескен жоба. Мұндай бағдарламалар бұқараға ауадай қажет. Себебі, халық іздеген рухани сұранысын мешіттермен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да алып отыруы керек» деді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру