Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: «Қайырымдылық акселераторы» жолға қойылды

inform.kz 13.11.2019 245 0 пікір
Көкшетау: «Қайырымдылық акселераторы» жолға қойылды

Көкшетауда қайырымдылық сөресі ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазан айында Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер, ерліктер, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттер қағидаттарын насихаттау мақсатында «Қайырымдылық акселераторы» әлеуметтік жобасын қолға алған болатын.

Жобаның Ақмола облысында жұмысын «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесі үйлестіруде. Республикалық жобаға волонтерлер ұйымы, студенттер мен жұмыс істейтін жастар және өңір тұрғындары қатысуда.

«Мәселен, қазан айында Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері еріктілермен бірге Краснояр кентіндегі Нұрлы көш ауылының тұрғындарына көмір сатып әперді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға азық-түлік және балаларға киім-кешек сатып әперді. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуы үшін құжаттарын рәсімдеуге көмектесті. Енді міне, Көкшетау қаласындағы NUR сауда үйінде «Қайырымдылық акселераторы» әлеуметтік жобасы шеңберінде қайырымдылық сөресі ашылды» дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі