Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам қос мешітке барды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.11.2019 3513 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам қос мешітке барды

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр және Мұнайлы ауданындағы «Ар-Рахман» мешіттеріне барды.

Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Өмірбек Мақсатұлы облыстың бас имамын жылы шыраймен қарсы алып, мешіт жамағатымен таныстырды. Заман талабына сай имамдар кабинеті, дәрісхана, асхана, дәретханамен жабдықталған Ақшұқыр ауылдық мешітінде білікті ұстаздар мен имамдар қызмет етіп келеді.  

Өмірбек Мақсатұлы Ақшұқыр ауылдық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман» мешітіне бет алды. 

Екі қабатты, мәрмәр тастармен қапталған бұл мешітте бір уақытта 500 адам құлшылық жасай алады.

«Мешітте ер және әйел адамдарға арналған намаз оқитын зал, неке кию бөлмесі, имамдар және ұстаздардың бөлмелері және кітапхана бар. Мешіттің бұрыш-бұрышына бейнекамералар орнатылған. Сондай-ақ жылы еден төселіп, суыту, жылыту қондырғыларымен жабдықталған. Жамағат үшін қолайлы жағдай жасалған» деді «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Айдос Мұталиев.

Маңғыстау облысының бас имамы өзі бас сұққан қос мешітінің тазалығына, жамағатқа қызмет көрсетуіне жоғары баға беріп, имамдарға ризашылық білдірді. Бас имам алдағы уақытта облысқа қарасты елдімекендердегі барлық мешітті аралап шығуды жоспарлап отыр.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру