Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Өзбекстаннан теологтар келді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.11.2019 2621 0 пікір
Түркістан: Өзбекстаннан теологтар келді

Өзбекстанмен арадағы келісімге сай, насихат жұмыстары Түркістан қаласында жалғасын тапты.

Осыған байланысты Ташкенттен «Шымыр ата» мешітінің теолог-имамы Тахуриддин Акрамов пен «Ислам ата» мешітінің имамы Жасурбек Раупов Түркістанға арнайы екі күндік сапармен келді. Имамдар «Ынтымақ», «Түркістан» мешіттерінде – жамағатпен, ал «Хилует» мешітінде қала имамдарымен жүздесті.

Кездесуде Мәуліт айының маңыздылығы және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұғжизасы жайында насихат айтылды. Сондай-ақ, наным-сенімдегі тұрақтылық, пір тұтушылықтың зияны туралы дәріс өткізілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру