Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бенчмаркинг бағдарламасы тиімді ме?

13.11.2019 2213 0 пікір
Бенчмаркинг бағдарламасы тиімді ме?

Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар әлем тілдері университетінде «Жоғары білім беру сапасы мәдениетінің тиімді тәжірибесін дамыту: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

Алқалы жиынға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухамад әш-Шаххат қатысып, баяндама жасады.  

– Нұр-Мүбарак студенттері бірнеше тілді еркін меңгеріп, ойын ашық айта алатын білімді маман ғана емес, толыққанды тұлға болып қалыптасуы маңызды. Сондықтан біз бұл мәселенің ерекше назарда ұстаймыз, – деп атап өтті ректор баяндамасында.

Халықаралық конференцияға ректорлар мен ғалымдар, оқытушы-профессорлар қатысуда. Олар жоғары білім беру сапасын көтеру, тиімді тәжірибелермен бөлісу, студенттердің ынта-ықыласын арттыру жайлы мәселелерді талқыға салды. Оған қоса студенттер тарапынан әзірленген жаңа жобалар, бенчмаркинг секілді бағдарламалар мен қолданылып жатқан мобильді қосымшалар жайлы да айтылып, қатысушылар назарына ұсынылды.

Айта кетейік, маңдайалды ғалымдар қатысып, қызу пікірлер ұштасып жатқан халықаралық басқосу екі күнге жалғасады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру