Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр тұрғындарына форум құжаттары таныстырылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 12.11.2019 653 0 пікір
Сыр тұрғындарына форум құжаттары таныстырылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, басқа да құжаттарды таныстыру мақсатында Сырдария және Жалағаш аудандарында болды.

Болатбек Ұласқанұлы Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемовпен және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбеновпен кездесіп, ІІІ имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстырды. Сондай-ақ ол ауыл имамдарының жиынына қатысты.

Бас имамның сапары Жалағаш ауданындағы «Иманқұл ата» орталық мешітінде жалғасын тапты. Мұнда Болатбек Ұласқанұлы Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ш.Қалыбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиевпен кездесін, аудан жастарымен жүздесті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдары Рүстем Ешмахан мен Асқар Жұбанов та Сыр өлкесінің Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарында сапарда болды.

Облыстық мешіттің наиб имамы Рүстем Айтбайұлы Жаңақорған ауданында өткен ауыл имам-молдаларының алқалы жиынына қатысып, аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сопбековпен кездесті. Ал Шиелі ауданында жалғасқан сапар барысында ол аудандық жастар басқармасының басшысы Ш.Нығметовпен және ауыл имамдарымен жүздесіп, ІІІ республикалық форум жайлы кеңінен әңгімеледі.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Асқар Жұбанов Қармақшы аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы С.Айдаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов және ауыл имамдарымен жүздесті. Бұдан бөлек Арал аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Маратұлымен және Қазалы ауданы Төретам кенті тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан тұрғындарына имамдар форумында қабылданған маңызды құжаттар және ҚМДБ-ның «Мұнара» газеті таныстырылып, олардың маңыздылығы түсіндірілді.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі