Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әнуар Ізімбайұлы: Батырда туған анадан, ақында туған анадан

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 12.11.2019 3568 0 пікір
Әнуар Ізімбайұлы: Батырда туған анадан, ақында туған анадан

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қыз- келіншектерге арналған жиын өтті. Жиынға Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен наиб имам Юнус Акса қатысты.  

Шара басында алдымен Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстаздары Ахметова Айгеріммен Тореканова Жазира «Мәуліт айында салауат айтудың артықшылығы», «Білім алудың маңыздылығы» турасында уағыз насихат жүргізді.

Одан кейін Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ананың қоғамдағы орнымен қыз баланың тәрбиесіне байланысты сөз сөйлеп: «Әйгілі ғалым ғұламалардың артында оны тәрбиелеген анасы жатқаны бәрімізге белгілі. Қоғамның болашағы әйел адамға тікелей байлысты болғандықтан болашақ ана - қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Қыздарымызға кәсіп қуудан гөрі салихалы адал жар, жақса ана болуды үйретсек екі дүниеде де пайдасын көретін боламыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде-кімнің үш қызы мен үш қарындасы немесе екі қызы мен екі қарындасы болып, оларды жақсы мінез құлықпен тәрбиелеп өсірсе, қиясына қондырып оларға мейірім төгуін жалғастырса, оларға жақсы қараса, олар үшін Алладан қорықса, оған жәннат бар» деу арқылы қыз баланың тәрбиесі қаншалықты маңызды екенін, тіпті сол жолда қиыншылық көрсе ол қыйыншылығының жемісі жәннат боларын сүйіншілеген. Ешбір хадисте ұл баланы жақсы тәрбиелеп өсірсең жәннат деген жері жоқ, алайда ең азы бір қызды болса да жақсы тәрбиелеп өсіріп, жасы келгенде құтты жеріне ұзатып берудің сыйы - жәннат болмақ. Алла баршамызға салихалы ұрпақ нәсіп етсін», - деді

Жиында сонымен қатар аналарға қоғам қажеттілігінен туындаған «Рухани жеті қазық» тұғырнамасындағы жеті көркем мінезге айрықша тоқталып, болашақ ұрпақ осы көркем мінездермен тәрбиеленсе еліміздің тұғыры берік болатынын айтты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру