ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында 145- пәтер кілті Қармақшылық отбасыға бұйырды.
Мүбарак Мәуліт айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық "Қармақшы ата" мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кеште «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы жауапты өкілі О.Жидебаев аудан халқының алдында Қаракөзиевтер отбасына пәтер кілтін табыстады.
Сыйға берілген 6 бөлмелі пәтер Қармақшы ауданының демеуші кәсіпкерлері, мешіт жамағаттары және 1971ж. дүниеге келген жанашыр азаматтардың қолдауымен сатып алынған.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш жоба аясында аудан бойынша 3 пәтер табыс етіліп, жалпы алғанда 4 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспаналы болу қуанышына бөленіп отыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
11.11.2019
3075
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру