Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бас имам «Нұрдәулет» мешітінің ақсақалдарымен кездесті

nurgasyr.kz 11.11.2019 2838 0 пікір
Ақтөбе: Бас имам «Нұрдәулет» мешітінің ақсақалдарымен кездесті

Жұмада Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан «Нұрдәулет» мешітінде болып, жамағатқа уағыз айтты. Жұма намазынан кейін Төлеби Дәділұлы «Нұрдәулет мешіті» қайырымдылық қорының» төрағасы Мақсат Байжарқыновпен және ақсақалдармен арнайы кездесті.

Қазыналы қариялармен жүздесу барысында өңірдің Бас имамы жақында өткен ІІІ республикалық имамдар форумы жөнінде әңгіме қозғады. Еңбек ардагерлерін ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық», «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» атты үш құжатпен жан-жақты таныстырды. Сонымен бірге осынау кездесуде ғибадатхананың бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. Мешіттегі ақсақалдардың ролі, атқаратын қоғамдық жұмысы мен іс-шаралардағы белсенділігі әңгімеге арқау болды. 

Төлеби Оспан биыл 20 жылдығын атап өткен «Нұрдәулет» мешітін салып, оның жұмысының алға басуына ұйытқы болып отырған қадірменді ел ағасы Мақсат Нұрдәулетұлына ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде әңгіме барысында зейнеткерлер Төлеби Дәділұлына көкейдегі сұрақтарын қойды. Кездесу соңында маңызды құжаттарды қолдайтындарын білдіріп, Бас имамның дін саласындағы жауапты қызметіне берекет тіледі. 

Сондай-ақ, «Нұрдәулет» мешітінің қызметкерлеріне ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған ҚМДБ тұғырнамасын жамағатқа насихаттап-түсіндіру жұмыстары бойынша тиісті тапсырмалар берілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру