Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Жастарға форум құжаттары таныстырылды

Taglym.kz 11.11.2019 2198 0 пікір
Талдықорған: Жастарға форум құжаттары таныстырылды

Талдықорған қаласы Жетісу мемлекеттік университетінің жанындағы колледж тәлімгерлеріне "Жеті рухани қазық" Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Насихат жұмысына қалалық "Нұр" мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас, облыстық дін істері басқармасы маманы Асанов Аманжол, Талдықорған өңірлік жастар іс бөлімінің меңгерушісі Бердібеков Ерлан қатысты.  

Қалалық мешіттің бас имамы ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасында айтылған әр бір тақырыпқа тоқтап, әр бір тұлғаның рухани дамуына тұғырнамының зор пайдасын тиетінін тілге тиек етті.

Жиын еркін сұқбат ретінде өтіп, жастардың сұрақтарына дін өкілдері тұщымды жауаптарын берді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру