Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде қайырымдылық мекемесі ашылды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 11.11.2019 603 0 пікір
Өскеменде қайырымдылық мекемесі ашылды

Қасиетті жұма күні Өскемен қаласында «Халифа Алтай» қайырымдылық мекемесі ашылды.  

Аталған мекемені ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйтқы болуымен «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы қари Ербол Құдабаев іске асырды. Қайырымдылық мекемесінің ашылуына ҚМДБ Шариғат және патуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы, Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов және имамдар, Халифа Алтайдың ұрпағы, шәкірттер, жамағаттар қатысты.  

Шарада Сансызбай Құрбанұлы бата жасап, ақ тілегін білдіріп, сөз сөйледі. Сонымен қатар Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы К.Тұрдыбаев сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің сәлемін жетікізді. К. Тұрдыбаев: «ҚМДБ қазіргі таңда қайырымдылық мекемесін әр өңірден көбірек ашып, сауапты істермен айналысуда. Мешіттер жанынан қайырымдылық мекемесін салып, білім игерушілерге жағдай жасау-бұл ардақты пайғамбарымыздан қалған мирас. Мұндағы негізгі мақсат - оқу, білім игерем деген өрендерге мүмкіндік жасау. Бұл елімізде ашылған 10 шы қайырымдылық мекемесі» деп айырықша атап өтті.  

Жиында Халифа Алтайдың ұлы А. Алтай сөз сөйлеп, дін ғұламасының атымен аталған осы мекеменің ашылуына қуанышты екендігін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ашылу рәсімінде белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев арнайы қатысып, жырмен тілек арнады.  



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі