Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола облысы: Мешітте тігін шеберханасы ашылды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.11.2019 3100 0 пікір
Ақмола облысы: Мешітте тігін шеберханасы ашылды

Бүгін Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлының бастамасымен Науан хазірет мешітінде ZEINEP тігін шеберханасы ашылды.

Шеберхана ардақты Алла Елшісінің жұбайы Зейнеп анамыздың есімімен аталды. Науан хазірет мешіті жанындағы бұл шеберхана Зейнеп анамыз сияқты іс тігу өнерін насихаттауды мақсат етеді. Шеберхана жетекшісі Құралай Шакирова жас шәкірттерді осы кәсіп түріне тәрбиелемекші. Облыс имамы Қуаныш Жұмабайұлы шеберхананы ресми ашып, оның ұрпақ тәрбиесіне қызмет ететінін атап көрсетті.

Сонымен бірге бұл рәсімге облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімінің басшысы Болат Қасенов, қала имамдары, Ізгі аналар» мектебінің мүшелері қатысты. 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру