Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында футболдан достық кездесу өтті.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бекіткен «Руханият және дәстүр» айлық жоспарына сәйкес өткен жарыста қала мешіттерінің жамағаттары мен облыстық ішкі саясат қызметкерлерінен құралған 6 команда сайысқа түсті.
Төрешілердің шешімі бойынша теңбіл доп алаңында озық ойын көрсеткен Қызылорда қалалық «Нұр», «Мүсірәлі» және «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жамағаттарының құрамалары сәйкесінше жүлделі І,ІІ,ІІІ-ші жүлдеі орындарды қанжығаларына байлап, жеңімпаз атанды.
Тартысты ойын соңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Толыбайұлы және Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жүлдегерлерді құттықтап, қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, орын алмаған өзге командаларға да алғыс хаттар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
06.11.2019
3040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру