СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде қала және аудан имамдары, зиялы қауым, әкімшілік, құқық қорғау органдары, ішкі саясат, БАҚ өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде III Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаты талқыланды.
Жиынды бастаған Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы «жеті рухани қазық» құжатын таныстырып, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік сынды құраушылар әр мұсылманның бойында табылу керек болған сипаттар екендігін айтып, әрі оны жастарға насихаттау имамдармен қатар ел ағаларының міндеті екендігін айтты.
Қатысушылар өз тараптарынан қабылданған құжатқа оң бағаларын беріп, келешек ұрпақтың тәрбиесіне берер пайдасының мол екендігін айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
06.11.2019
3373
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру