Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өскемен өңірі имамдарының III форумы өтті

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.11.2019 2958 0 пікір
ШҚО: Өскемен өңірі имамдарының III форумы өтті

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ««Рухани құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі» атты өңірілік III имамдар форумы өтті.  

Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Б.Мекежанов, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің басшысы Н.Есмағанбет, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы С.Шоқанов қатарлы лауазымды тұлғалар және өңір имамдары, ақсақалдар, қоғам қайраткерлерімен зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Алқалы жиынды ашып сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы бүгінгі шараның өңір руханияты үшін зор маңызға ие екендігін жеткізе отырып: «Республикалық имамдар форумының жалғасы ретінде осы жиынды ұйымдастырып отырмыз, басты мақсатымыз форум құжаттарын өңір имамдарына таныстыру және насихаттау» деп атап өтті.

Форумда баяндама жасаған Бас мүфтидің кеңесшісі Б.Мекежанов қазіргі таңдағы діни қызметтің маңызына тоқталып, жаңадан бекітілген «ҚМДБ қызметкерлері атқаратын діни қызметтер тізіліміне» туралы кең көлемде баяндап, «әрбір діни қызметкердің атқаратын міндеттері нақты жүйеленді. Бұл өз кезегінде қоғамдағы діни қызметкерлердің беделінің артуына, діни қызмет сапасының жоғарлауына ерекше ықпал етеді» деп атап өтті, Балтабай Уажитұлы.

Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы С.Шоқанов «Рухани жеті қазық» құжатын талдап, адами құндылықтар жайлы салиқалы тағылым айтты.

Форум жұмысына қатысушылар алданда сөз сөйлеген Дін істері және талдау бөлімінің басшысы Нұрбек Әуесханұлы қазіргі қоғамдағы имамдық қызметтің маңыздылығы жайлы тереңнен тарқатып баяндай келе: «Қазіргі таңда имамдар қоғамда рухани құндылықтарды насихаттауда тынбай еңбектеніп, қоғам талабына сай қызмет атқаруда» деп айырықша атап өтті.

Сонымен қатар имамдар форумында Қажылар қауымдастығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Бағдаулет қажы Мурсалимов, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан-Американ еркін университетінің профессоры Нәбиолла Кемешев, облыстық ақсақалдары кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Манарбек Мұхамеджанов қатарлы ел ағалары сөз алып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, «Жеті рухани қазық»

құжатының маңызы және қазіргі таңдағы діни ахуал төңірегінде ой өрбітіп, сындарлы баяндамалар жасады.

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы өңірлік III имамдар форумы діни қызметтік жүйелі дамуына тың серпін беретін игі шара болды деп қорытындылады.

Форум соңынан еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығына арналып бата жасалды.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру