Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Тікелей эфирде форум құжаттары түсіндірілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.11.2019 2279 0 пікір
Қызылорда: Тікелей эфирде форум құжаттары түсіндірілді

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қызылорда облыстық телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.  

Бағдарламының кезекті санына арнайы шақыртылған бас имам ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» құжаттарын таныстырып, форум мақсатын түсіндірді.

Рухани тұғырнамаға сәйкес, жеті қасиеттен құралған жеті қазықты жіліктеп, кемел мұсылманның сипаты жайлы сөз қозғады.

Сұхбат соңында, өкілдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыс-жоспарлармен бөлісіп, өзге де сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, халыққа форум құжаттарын кеңінен түсіндіру мақсатында жергілікті "Qyzylorda", "Қоғам тв" телеарналары және газеттер сынды бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен де насихаттау жұмыстары жүргізілуде.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру