Жамбыл облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана салынып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты .
«Облыс әкімінің бастамасымен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларының кезегі келгенше баспанамен қамту мақсатында 612 пәтерлі 12 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 478 пәтерлі 9 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 3 жатақхана 2020 жылы тапсырылатын болады», - деді Еркебұлан Дауылбаев. Сондай-ақ, ол жалпы бюджет есебінен биыл 2 195 адамды баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізді. Айта кетейік, аталған жатақханаларда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұрғын үй кезегі келгенше уақытша паналай алады. Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегіне 1 800-ге жуық көпбалалы отбасы тіркелсе, ол еліміздегі кезекте тұрған 28 100-ден астам көпбалалы отбасының 6,2 пайызын құрайды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру