Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей өңірі бойынша Қос мұнаралы орталық мешітінде имамдар аттестациядан өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.11.2019 2528 0 пікір
Семей өңірі бойынша Қос мұнаралы орталық мешітінде имамдар аттестациядан өтті

Аттестациялық сынаққа Семей өңіріне қарасты қала, аудан, ауыл имам молдалары қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Сынақ екі кезең бойынша өтті. Сынақты имамдар автоматтандырылған режимде, яғни, компьютерге енгізілген бағдарлама арқылы тапсырды.  

Бірінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, ислам тарихы, тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сынақ тапсырып, тақырыптар бойынша сауалдарға жауап берді. Екінші кезең тест сұрақтарына құрылды. Бұл кезеңде имамдар ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе (қолданыстағы заңнамалар) бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап берді.

Балдық жүйе бойынша білім сараланған аттестацияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтидің жалпы мәселелер бойынша кеңесшісі Мекежанов Балтабай Уажитұлы төрағалық етті. Сондай ақ, сынақ комиссиясы құрамында ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Дін істер жəне талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет болды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібін қалыптастырды. Осылайша, мүфтияттың Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың өзіндік ережесін бекітті.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру